Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Пробация қызметінің міндеттерінің бірі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады . Есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге және құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады. Осылайша, Нұрсұлтан қаласы Сарыарқа ауданының пробация қызметі жеке бағдарлама негізінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету шеңберінде Б.А. сотталғанға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетті.