"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" орай Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырылды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" орай Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Қақақстан Республикасы «Тұңғыш Президенті күніне» орай, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Депаратаменті басшы құрамы және Кадр саясаты бөлімі, департамент қызметкерлері және бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында отбасылық спорт жарысын ұйымдастырып өткізді. Спорттық шараға мекемелердің қызметкерлері және Пробация қызметінің қызметкерлері отбасыларымен 6 команда қатысты. Спорттық шараны ЕЦ-166/1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Бағдат Сатыбалдиевич Амангельдиев құттықтау сөзімен ашып, спорттық жарысқа қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Шыны керек, спорттық шара өте күңілді және әділ өтті. Қатысушы қызметкрелер отбасыларымен дайындалғаны байқалды. Өте қызықты да және көңілді өтті. Осындай отбасылық сенбілік шара барлық қатысушылармен жанкүйерлерге қатты ұнады. Жарыс 5 кезеңнен болды. «арқан тарту, қаппен жүгіру эстафеталары және «Менің Отаным» атты сурет салу сайысы» болды. Әділқазылар мүшелері барлық қатысушы командарларға тең әділ баға берді. Спорттық шараның қорытындысы бойынша 3 жүлделі орынға ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкері әділет аға лейтенанты Мұхит Жүсі отбасымен ие болды, 2 жүлделі орынға Пробация қызметінің қызметкері отбасымен әділет лейтенанты Мирас Тәжібек ие болды. Ең қобалжулы, қуанышты сәт 1 орынға ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкері әділет старшинасы Айдын Темешбаев отбасымен ие болды. Осындай керемет көңілді, қызық сәттер барлық ойын қатысушылырына, жанкүйерлерге әділқазыларға көңілді сүй сыйлады. ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Бағдат Сатыбалдыұлы Амангельдиев барлық командаларға сыйлы жүлделер мен грамоталар табыстады. Отбасыларына амандық, бақыт, денсаулық, қажымас қайрат тіледі.