2021 жылы 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті және оған теңестірілген мекемелердің жеке құрамы арасында 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күнін» мерекелеуге байлансыты ресми түрде іс-шара өткізілді. Мерекелік шарада Қылмыстық - атқару жүйесі қызметі жолында атқарып жатқан игі қызметтері мен адал еңбектері үшін көзге түскен қызметкерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқығымен медаль, грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, «Қылмыстық – атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Департаменттің ЕЦ-166/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет прапорщигі З.Ж.Кокенова, «Қылмыстық – атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен ЕЦ-166/1 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет подполковнигі С.М.Омаров, Грамотамен ЕЦ-166/5 мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры В.С.Величко және Алғыс хатпен ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Д.Тунгатовалар Департаменттің бастығы әділет полковнигі Даулет Борамбекович Рақымбековтың қолымен марапатталды.