Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық жұмыстар

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза заңды күшіне енген сот үкімі мен өкімінің негізінде, пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімнен кешіктірілмей орындалады. Аталған жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады.

Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызмнеті жүзеге асырады. ПҚ есебінде тұрған қоғамдық жұмысқа тару жазасына сотталған тұлға, жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда, ПҚ инспекторы оны ҚР ҚК көзделген жауапкершілік туралы жазбаша түрде ескертеді.

Сотпен тағайындалған жаза түріне жауапкершілікпен қарайтын да сотталғандар бар. Атап айтатын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Алматы ауданының ПҚ есебінде тұрған Г.есімді сотталған, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК 296 бабына сәйкес тағайындаған 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазасын өтеп, ПҚ есебінен шығарылды.