Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы пробация қызметі мен Байқоңыр аудандық жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған адамдармен белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыс фактілері туралы, олардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша профилактикалық әңгіме сұхбат жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстар барысында ҚР ӘҚбТК-нің 492 бабы бойынша 4 сотталғанға қатысты тұрғылықты мекен жайларында тіркеуде болмағаны үшін хаттамалар толтырылды, тұрғылықты мекен жайларынан тексерілді.