Еріктілердің көмегі

Еріктілердің көмегі

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Есіл аудандық пробация қызметіне Нұр-Сұлтан қаласы Сейфулин,67 көшесі бойында орналасқан «Қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығының» өкілдері бір жасөспірім балаға қолдау көрсетіп, көзіне арналған «линзалар» сатып алу сұрағымен жүгінді. Осыған орай, ерікті-волонтер сотталған М. Шалхарбаев осыған байланысты «Қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығындағы» К. Кульибаеваға «Astana көз емдеу клиникасынан» «линзалар» сатып алып, өз көмегін ұсынды. «Қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығының» өкілдері ұсынылған көмек үшін Есіл аудандық пробация қызметіне және ерікті-волонтеріне үлкен ризашылығын білдірді.