
Қылмыс жасаудың бірден-бір себебі отбасындағы қаржының болмауы немесе жетіспеушілігі болып табылады. Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасамауы үшін пробация қызметі тұрақты түрде әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіп отырады. Осыған сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы пробация қызметі есебінде тұрған сотталған Т-ға азық-түлік жағынан көмек көрсетілді. Көрсетілген азық-түлік себетін пробация қызметі есебінде тұрған ерікті сотталған Сериков көрсетті.