
ЕЦ-166/5 мекемесінде ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша қызметтік және әскери дайындық сабақтары бойынша ПМ 9 мм атыс қаруынан 6505 әскери бөлімінің 9 атқыштар ротасының жеке полигонында ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері сынақ тапсырды. Сынақ өткізуге аз уақыт берілгендіктен мекеме жеке құрамы атыс бойынша берілген уақытқа сай, қызметкерлердің барлығы сынақ тапсырды. Атыс бойынша сынақ басталмас бұрын мекеменің кадр саясаты тобының кәсіби және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі аға инспекторы әділет лейтенанты Ахмед Утелбаев, жеке құрам назарына атыс қаруын қолдану және қаупсіздік шараларын түсіндірді. Сынақ барысында ешқандай ескерту болған жоқ. Қазақстан Республикасының «Құқыққорғау органдары» туралы Заңының 59, 60, 61 баптары бойынша барлық сақтық шаралары қадағаланды.