Бүгін, 2021 жылғы 11 маусымда ЕЦ-166/1 мекемесіне Нұр-сұлтан қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызмет басшылары тергеліп-тұтқындалғандарды және сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау мақсатында келді.
Қабылдауды арнайы есепке алу тобының бастығы әділет подполковнигі Г. Мұхтарова, режим, қадағалау және күзет тобының бастығы әділет майоры Т. Намазбеков, медициналық қамтамасыз ету тобының бастығы әділет майоры М. Есқараева, сондай – ақ сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік – психологиялық жұмыс тобының инспекторы әділет капитаны Ж. Сансызбай жүзеге асырды.
Аталған іс – шара барысында сотталғандарды тұрмыстық орналастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеу үшін қалдыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ведомстволық бағынысты мекемелерде ұсталатын адамдармен осындай кездесулерді өткізу тұрақты болып табылады және егер туындайтын проблемаларды шешу мекемелер әкімшілігінің құзыретіне кірмейтін болса, сотталғандарға және тергеуге алынғандарға жоғары тұрған инстанцияларға көмек сұрап жүгінуге мүмкіндік береді.