
Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны өтеуді атқару заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының негізінде жүзеге асырылады және жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілеген объектілерде жүзеге асырылады. Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға сотталғандар, осы жазаны негізгі жұмысы және оқуымен қатар өтей алады. Сотталғандарға көше тазалау, ағаш отырғызу, қар тазалау және көгалдандыру сияқты мезгілдік жұмыстар тағайындалады. Сол объектілердің бірінен, сотталғандардың қоғамдық жұмыстарын қалай жасап жатқандарын қадалап, пробация қызметкерлерімен тексеріс жүргізілді. Тексері барысында, жаза өтеу тәртібі мен шарттарының бұзылу фактілері болған жоқ.