Барлық адамдарға нан қажет

Барлық адамдарға нан қажет

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерімен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға нан-тоқаш өнімдерін өндіретін, «Еңбек-Аршалы» РМК наубайханасына 5 сотталған жұмысқа орналастырылды. Олар наубайханашы ісі негізінде «аспазшы» мамандығы бойынша оқытылды. Барлық сотталғандар екі ауысымда жұмыс істейді.

«Ас атасы – нан» демекші барлық адамдарға нан қажет, яғни, осы іспен айналысу мен үшін табысты жұмыс болып табылады. Мен нанды пісірудің құпиясын білдім. Мысалы, бір қап ұннан неше бөлке нан пісіруге болатынын және суға қанша қосымша ашытқы мен тұз қосу қажет. Наубайханадағы жұмысымның арқасында отбасыма, туған-туысқандарыма көмектесемін» - дейді жұмысқа орналастырылған сотталғандардың бірі.

ЕЦ-166/10 мекемесінің наубайханасы қажетті құрал-жабдықтармен – қамыр илегіш, пеш және наубайхана сөрелерімен жабдықталған.

ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар барлық нормаларға және талаптарға сәйкес, күн сайын 1000-ға жуық бөлке нан пісіреді, оның ішінде тергеу изоляторына 500 жуық бөлке нан пісіреді.

«Өндірісті дамытудың негізгі мақсаты – сотталғандар босатылғаннан кейін қоғамда бұдан әрі бейімдеуден өту үшін қажетті еңбек дағдыларын дамыту болып табылады» - деді ЕЦ-166/10 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бауыржан Жүрсінов.