
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысы және әлеуметтік психология бөлімінің психологтары әділет капитаны Құрман Г.К. және ерікті психолог Мусина З.К., сотталғандармен флоротерапия өткізді. Жаза мерзімін өтеп жүрген сотталғандарға сапалы психологиялық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Аталған іс-шарада әр сотталғанның бойында өзін-өзі тәрбиелеу, мінез - құлықтарын қалыптастыруға талпыныс бергені сөзсіз. Психологтардың маңызды міндеттерінің бірі - сотталғандарды қайта әлеуметтендіруде әлеуметтік пайдалы байланыстарын орнықтыру, психологиялық моральдық көмек көрсету болғандықтан осы флоротерапия ұйымдастыру алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Қылмыстық жазаларды орындау жүйесін ізгілендіру бойынша сотталғандарды түзеу, қайта әлеуметтендіру міндеттерін шешу елімізде сотталғандар санын азайуына себеп болады.
Сотталғандарды жағымды мінезге ынталандырады, мекемедегі белгіленген тәртіпті бұзушылықтың алдын алады. Жеке адамның олардың мінез-құлқындағы байқалатын маңызды қасиеттерінің бірі - оның тәртіптілігі, яғни, құқықтары мен міндеттерін орындау, осындай айтулы іс-шараларға қатысып белсенділік көрсетуі де тәрбиелік ықпал болып табылады.
Аталған іс-шаралар әр сотталғанның жалпы психологиялық ерекшеліктеріне оң әсерін береді.