
№3 мекемеде ұялы телефонды өткізу әрекеті әшкереленді
2025 жылғы 22 қазан күні Астана қаласы бойынша ҚАЖД №3 мекемесінде ҰМК бақылаушысы әділет сержанты Аббас Н. тексеру бөлмесінде тыйым салынған затты өткізбек болған әрекетті анықтады.
Ұзақ мерзімді кездесу үшін күйеуіне келген азаматша «А»-ның жеке заттарын тексеру барысында, жол сөмкесінің ішіндегі бас киімнің астынан жасырылған Nokia маркалы ұялы телефон табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті ескертеді: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейді және ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Бейне-материалды қарау үшін сілтемені басыңыз.