
Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінде тәрбиелік жұмыс жөніндегі мекеме бастығының орынбасары мен жеке құраммен жұмыс тобының кәсіби, қызметтік және дене дайындығы жөніндегі аға инспекторының қатысуымен жеке құрамның қыстық киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық тексеру өткізілді.
Саптық тексеру барысында қызметкерлердің жетондары, қызметтік куәліктері лауазымына және шеніне сәйкестігі тұрғысынан тексерілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды.