
2025 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер мен оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауында айқындалған тапсырмалар мен Ішкі істер министрінің осы Жолдауды жүзеге асыруға бағытталған тапсырмаларын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.
Жиынға департамент басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері, пробация қызметі өкілдері мен мекеме бастықтары қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына жүктеген міндеттер, сондай-ақ құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, жеке құрамның тәртібін арттыру және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар арасында қылмыстың алдын алу бойынша Ішкі істер министрі берген тапсырмалар жеке құрамға жеткізілді.
Жиын қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар белгіленіп, бөлімше басшыларына қойылған міндеттердің орындалуын қатаң бақылау тапсырылды. Аталған бағыттар жеке құрам жұмысының басым бағыттары ретінде белгіленді.
Сол күні осыған ұқсас жиналыстар Астана қалалық департаментіне қарасты барлық мекемелерде де өткізілді.