GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 октября 2026
«IT саласында табысты маман болған, бірақ 8 жылға сотталды».

«IT саласында табысты маман болған, бірақ 8 жылға сотталды».

Көкшетауда студенттерге есірткінің өмірді қалай өзгертетіні туралы телемост өткізілді
Көкшетау жоғары медициналық колледжінде Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен студенттер сотталған азаматпен телемост арқылы кездесті. Ол өз басынан өткен оқиғаны баяндап, есірткінің адам өмірін қалай күйрететінін айтып берді.
Кездесудің басты спикері есірткі және психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналым жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған азамат болды.
Бір кездері ол IT саласында табысты еңбек етіп, қаржылық қиындық көрмеген. Сырт көзге оның жақсы өмір сүруіне барлық мүмкіндік болған. Алайда күмәнді ортаға қосылғаннан кейін есірткі қолдана бастаған. Уақыт өте келе тәуелділік оны тыйым салынған заттарды таратуға итермелеп, соңы ұсталып, түрмеге түсуіне әкелген.
Ол өз әңгімесін студенттерге жасырмай айтып, қабылдаған шешімдерінің ауыр салдарын ашық жеткізді. Болашақ медицина мамандары белсенді түрде сұрақ қойып, зиянды әдеттер мен қоршаған ортаның ықпалы адамның мансабына, бостандығына және болашағына қалай әсер ететінін талқылады.
Телемостқа әділет капитаны Тимур Сабыров, Ақмола облысы прокурорының көмекшісі Қуандық Көкен,  есірткі қылмысына қарсы  іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия Курсанова және мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Жанайдар Қайсенов қатысты.
Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Разия Курсанова жастарды есірткінің заңсыз айналымына қалай тартылатынын және осы қылмыстар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.
Ал әділет майоры Жанайдар Қайсенов сотталғандардың өмір сүру жағдайлары, олармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары және түзеліп, заңға бағынатын өмірге қайта оралуына бағытталған шаралар туралы баяндады.
Тимур Сабыровтың айтуынша, мұндай кездесулер жастарға өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және қылмыстың нақты салдарын түсінуге көмектеседі.
Жыл басынан бері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері өңірдегі оқу орындарында осындай тоғыз телемост өткізген. Кездесулерде нашақорлық, киберқылмыс, маскүнемдік және адам өміріне қайғылы салдар әкелуі мүмкін өзге де қауіптер талқыланған.

06 октября 2026
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясына қатысты

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясына қатысты

Көкшетау қаласы. «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету.

Акцияға 100-ден астам азамат қатысты. Қатысушыларға 15 мемлекеттік орган мен ұйымның өкілдері консультациялық және практикалық көмек көрсетті.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де белсенді қатысты. Департамент мамандары азаматтарға жазаларды орындау, жазаны өтеу тәртібі, ҚАЖ мекемелері мен пробация қызметінің жұмысына қатысты мәселелер бойынша кеңес берді.

Акция барысында азаматтарға жұмысқа орналасу, берешектерді өтеу, банктік шоттарды бұғаттан шығару, медициналық және заң көмегін алу сияқты әлеуметтік және құқықтық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетілді.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, сотталған азаматтардың біріне қажетті құжаттарын қалпына келтіруге және оны Әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыру мәселесін шешуге көмек көрсетілді.

Мұндай іс-шаралар азаматтарға атаулы көмек көрсетуге, құжаттары мен әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге, өмірлік маңызды мәселелерін шешуге, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуіне және заңға бағынатын өмір салтына қайта оралуына қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.

«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы халыққа құқықтық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

06 октября 2026
ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Доброе сердце» пансионатына барды

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Доброе сердце» пансионатына барды

Ақмола облысы. 1 қазанда жыл сайын атап өтілетін Халықаралық қарттар күніне орай Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Доброе сердце» пансионатына барды.

Халықаралық қарттар күні – аға буын өкілдеріне қамқорлық көрсетуге, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын дәріптеуге, сондай-ақ қоғамның қарт адамдарға деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды күн.

Кездесу барысында ҚАЖ департаментінің қызметкерлері пансионат тұрғындарын мерекемен құттықтап, олардың өмір жолы мен еңбегіне құрмет білдірді. Қарттарға зор денсаулық, жан жылуы, амандық-саулық және жақындарының қамқорлығын тіледі.

Ізгілік пен құрметтің белгісі ретінде қарттарға қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан ағаштан жасалған сәндік-қолданбалы бұйымдар табысталды. Ерекше сыйлықтар аға буын өкілдеріне деген ықылас пен қамқорлықтың символына айналды.

Мұндай іс-шаралар аға буынға құрметпен қарау, мейірімділік пен қамқорлық дәстүрлерін нығайтуға, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы байланысты арттыруға бағытталған.

Халықаралық қарттар күні – өмірлік тәжірибесі, еңбегі мен даналығы кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра болып табылатын жандарға алғыс білдіруге мүмкіндік беретін ерекше күн.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

06 октября 2026
Ақмола облысында ҚАЖ басшыларының біліктілігін арттыру курстары аяқталды

Ақмола облысында ҚАЖ басшыларының біліктілігін арттыру курстары аяқталды

«Мобильді академия» бағдарламасы аясында «Қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелері басшыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

Курс жұмысына Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің бөлім бастықтары мен аға қызметкерлерінен 20 адам қатысты.

Оқу барысында қатысушылар кәсіби құзыреттерін жетілдіріп, ҚАЖ бөлімшелерін тиімді басқаруға қажетті білімдері мен практикалық дағдыларын арттырды. Сонымен қатар қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Курстың қорытынды сабағын Психолог-мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының бастығы, полиция капитаны Алмат Хамидоллаұлы Оразов және Жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, отставкадағы полиция полковнигі Нұрлан Аққалашұлы Түлкінбаев өткізді.

Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.

Мұндай біліктілікті арттыру курстарын өткізу басшылық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға, басқарушылық құзыреттерін жетілдіруге және қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің қызметін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

06 октября 2026
№1 мекемеде сотталғандарға арналған 270 жұмыс орнын құру және өндірісті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда

№1 мекемеде сотталғандарға арналған 270 жұмыс орнын құру және өндірісті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы кеңесінде берілген хаттамалық тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ҚАЖ мекемелерінің аумағында өндірістік нысандарды құру және дамытуға бизнес субъектілерін тарту, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде №1 мекемеде «ALTAN GROUP 2021» ЖШС-нің майлы дақылдарды өсіру және қайта өңдеу өндірісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда.

2025 жылғы қараша айында мекеме базасында өндірістің алғашқы кезеңі – майлы дақылдарды қайта өңдеу цехы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде сотталғандарға арналған 90 жаңа жұмыс орны құрылды.

2026 жылдың басынан бастап жобаның келесі кезеңі – өндірістік қуаттарды кеңейту және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы кезең аясында қосымша 50 жұмыс орнын құру көзделген.

Осылайша, жоба аясында сотталғандарға арналған құрылған жұмыс орындарының жалпы саны 270-ке жетеді.

2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11:00-де №1 мекеме аумағында «ALTAN GROUP 2021» ЖШС-нің майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аталған жобаның іске асырылуы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы сотталғандарды тұрақты еңбекпен қамтуға, олардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және босатылғаннан кейінгі дербес өмірге дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚАЖ мекемелерінің аумағында өндірістік нысандарды дамыту және бизнес өкілдерін сотталғандарды жұмыспен қамтуға тарту олардың әлеуметтік бейімделуі мен ресоциализациясының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті инвестициялар тарту, өндірістік қуаттарды кеңейту және сотталғандарға арналған жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

23 сентября 2026
Күш, ептілік және дәстүр: №6 мекемесінде спорттық іс-шара өтті

Күш, ептілік және дәстүр: №6 мекемесінде спорттық іс-шара өтті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №6 мекемесінде ұлттық спорт түрлеріне арналған спорттық іс-шаралар өтті. Сотталғандар асық ату, арқан тарту және тоғызқұмалақ бойынша жарыстарға белсенді қатысты.

Ұлттық ойындар – халқымыздың мәдени мұрасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар күшті, ептілікті, төзімділікті және тапқырлықты шыңдауға мүмкіндік беретін спорт түрлері. Әр қатысушы өз мүмкіндігін барынша көрсетіп, спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін танытуға ұмтылды.

Әсіресе командалық арқан тарту сайысы үлкен қызығушылық тудырды. Мұнда жеңіске жету қатысушылардың ұйымшылдығы мен өзара түсіністігіне байланысты болды. Асық ату ойынында қатысушылар мергендік пен ептіліктерін көрсетсе, тоғызқұмалақ ойыны зейінділікті, стратегиялық ойлауды және сабырлылықты талап етті.

Іс-шара барысында спорттық ережелерді сақтау, қарсыластарға құрметпен қарау және бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше мән берілді. Жарыстар достық, өзара көмек және салауатты бәсекелестік жағдайында өтті.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады. Спорт бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, тәртіпті нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай спорттық кездесулер ұлттық дәстүрлер, белсенді қимыл-қозғалыс және командалық рух адамдарды біріктіріп, оң өзгерістерге жағдай жасайтынын тағы бір мәрте көрсетеді.

23 сентября 2026
Күш, ептілік және дәстүр: №6 мекемесінде спорттық іс-шара өтті

Күш, ептілік және дәстүр: №6 мекемесінде спорттық іс-шара өтті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №6 мекемесінде ұлттық спорт түрлеріне арналған спорттық іс-шаралар өтті. Сотталғандар асық ату, арқан тарту және тоғызқұмалақ бойынша жарыстарға белсенді қатысты.

Ұлттық ойындар – халқымыздың мәдени мұрасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар күшті, ептілікті, төзімділікті және тапқырлықты шыңдауға мүмкіндік беретін спорт түрлері. Әр қатысушы өз мүмкіндігін барынша көрсетіп, спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін танытуға ұмтылды.

Әсіресе командалық арқан тарту сайысы үлкен қызығушылық тудырды. Мұнда жеңіске жету қатысушылардың ұйымшылдығы мен өзара түсіністігіне байланысты болды. Асық ату ойынында қатысушылар мергендік пен ептіліктерін көрсетсе, тоғызқұмалақ ойыны зейінділікті, стратегиялық ойлауды және сабырлылықты талап етті.

Іс-шара барысында спорттық ережелерді сақтау, қарсыластарға құрметпен қарау және бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше мән берілді. Жарыстар достық, өзара көмек және салауатты бәсекелестік жағдайында өтті.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады. Спорт бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, тәртіпті нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай спорттық кездесулер ұлттық дәстүрлер, белсенді қимыл-қозғалыс және командалық рух адамдарды біріктіріп, оң өзгерістерге жағдай жасайтынын тағы бір мәрте көрсетеді.

23 сентября 2026
Жақсылық жасау — ізгі ниеттен басталады

Жақсылық жасау — ізгі ниеттен басталады

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қосшы қаласы пробация қызметі пробациялық есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі — есепте тұрған азаматтарды қоғамдық пайдалы және волонтерлік қызметке тарту. Олар мұқтаж отбасыларға, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған көпбалалы аналарға көмек көрсетуде.

Кезекті қайырымдылық шарасы барысында отбасыларға азық-түлік пен қажетті заттар табысталды.

Мұндай шараларға қатысу азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамға пайда келтіруге деген ұмтылысын қалыптастырады.

Пробация — бұл тек бақылау ғана емес, сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге және қоғамға қайта оралуына қолдау көрсету.

Жақсылық жасау — әр адамнан басталады. Кейде көрсетілген шағын көмек отбасы үшін үлкен қолдауға айналуы мүмкін.

15 сентября 2026
Целиноград ауданында шағын футболдан турнир өтті

2026 жылғы 7 қыркүйекте Целиноград ауданының пробация қызметі аудан прокуратурасымен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған адамдар арасында шағын футболдан спорттық турнир ұйымдастырды.

Жарысқа үш команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар белсенділік, жоғары спорттық рух, командалық бірлік пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Турнир достық әрі жағымды атмосферада өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, командалық рухты нығайту және пробациялық бақылауда тұрған адамдардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар және естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша үздік қатысушы анықталып, арнайы марапатқа ие болды.

Турнирге белсенді қатысқан барлық ойыншыларға алғыс хаттар табысталды.

Мұндай спорттық іс-шаралар бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және пробациялық бақылауда тұрған адамдардың оң өзгерістерге ұмтылысын арттырып, қоғамға табысты бейімделуіне ықпал етеді.

15 сентября 2026
№7 мекемесінде Отбасы күні атап өтілді

№7 мекемесінде Отбасы күніне орай сотталғандар үшін отбасы мүшелерімен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталғандардың жақындарымен ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелерінде жүздесулері, сондай-ақ отбасыларымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесулері қамтамасыз етілді.

Туыстарымен жүздесу, жақындарының дауысын есту және олармен уақыт өткізу сотталғандар үшін маңызды моральдық қолдау болып табылады. Отбасының қолдауы олардың әлеуметтік байланыстарын сақтауға, жауапкершілігін сезінуге және болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Осындай кездесулер отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жақын адамдар арасындағы байланысты сақтауға және сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне оң әсер етеді.

Отбасы – адамға күш беретін, қиындықтарды еңсеруге көмектесетін және жақсы болашаққа ұмтылуға жігерлендіретін ең маңызды құндылықтардың бірі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы