Жұмыс кездесуі

Жұмыс кездесуі

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментімен сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру, заттай керек-жарақтармен қамтамасыз ету және тамақтандыру сұрақтары бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Жұмыс кездесуіне ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Б. З. Шәріпбеков, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы  бойынша өкілі Е. С. Сұлтанқұлов, Алматы облысы бойынша мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурорының орынбасары Д. А. Кәрібаев, «За справедливость» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т. В. Кайханиди, ЖШС, ЖК өкілдері, мекеме жанындағы дүкен директорлары, мекеме басшылары, ҚАЖД және мекеме қызметкерлері қатысты. Жұмыс кездесуі барысында «За справедливость» қоғамдық бірлестігінің төрағасы жұртшылықты алаңдататын мәселелерді талқылауды ұсынды. Қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін реттейтін заңнама шеңберінде сұрақтарды талқыға салып, мән – жайды түсіндіріп берді.