
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті №14 мекемесінде кәсіптік колледжге 2023 – 2024 оқу жылына 4 кәсіптік мамандық бойынша 100 оқушы қабылданған болатын. 14 маусым күні колледж студенттерінің өз мамандықтары бойынша біліктілік жұмыстарын қорғау өткізілді. Колледж студенттері «Тігін өндірісі және киім дизайны», «Дәнекерлеу ісі», “Есептеу техникасының операторы”, «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша студенттер өндірістік практиканы қорғау кезінде өз біліктіліктерін ортаға салып, практика кезіндегі қиындықтармен де бөлісті.
Біліктілік комиссиясының мүшелері мен жұмыс берушілерге олардың сапасын бағалау үшін түпнұсқа өнімдер ұсынылды.