
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі психологтар сотталғандарды психологиялық сауықтыру мақсатында психологиялық түрлі әдістерді кеңінен қолданады. Психологияда адамды өнер арқылы сауықтырудың маңызы зор. Мысалы кинотерапия – бұл аудиовизуалды материалдың әсеріне негізделген бірегей көркемдік терапевтік әдіс. Сурет салу терапиясы және метафоралық ассоциативті карталар арқылы сотталғандар ішкі ойын, мақсатын жеткізсе,кинотерапия адамды жағымды эмоциялармен қанықтырады, депрессиямен күресуге көмектеседі.
Сотталғандарды өнер арқылы психологиялық сауықтыру сондай-ақ олардың уақытты тиімді өткізулеріне ықпал етеді.