Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушылары,
Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің
қызметкерлеріне сабақ өткізді. Баяндамашылар полиция подполковнигі
Мырзабек Сардарбекұлы Туйганов, полиция подполковнигі
Айжан Балтабайқызы Досмаилова және әділет майоры Анара Жанатқызы Уалиева.
Тренинг тақырыбы – «Адам құқықтарын қорғау, басқару, кәсіби қызметтің психологиялық
аспектілері және деструктивті идеологиялардың таралуының алдын алу».
Курс соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның қорытындысы шығарылып, ұсыныстар әзірленді.