
Спорт денсаулық кепілі!
Алматы қаласының ҚАЖ Комитетінің №11 Республикалық мемлекеттік мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында, Алматы логистика және көлік академиясының колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тоймырза Арман Аскаровичтің ұйымдастырумен, колледж студентерімен кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында спорттық іс- шара өткізілді. Спорттық іс-шара шағын футболдан өтті. Мекемеде спортпен айналысуға жағдай жасалған. Әділет аға лейтенанты Бектемиров Сабит Сәкенович шағын футболға төреші болып ойын ережелерін түсіндірді. Спорттық іс-шара тартысты, қызықты ойын өтті. Есеп 12:11 Алматы логистика және көлік академиясының колледжінің студенттері 1-орынды жеңіп алды.2-орынға мекемедегі жазасын өтеуші жасөпірімдер ие болды.
Осындай спорттық шараның жиі өтуі жасөспірімдерге ерекше көңіл күй сыйлайды, жоспарға сәйкес мекемеде жиі өтіп тұрады.
Жасөспірім сотталғандардың спорттық іс шараға қызығушылықтары өте жоғары. Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Спорт-денсаулықтың ғана кепілі болып қалмай, ой-өрістің дамуына әсер, тәртіп пен бірлікке шақырушы,отан сүйгіштікке мықты болуға үлесін қосары сөзсіз.