
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осыған орай 2022 жылдың 28 маусым айында Алматы қаласы ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесінің жеке құрамымен мекеме акт залында Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны алдын алу қызметінің бас маманы Саят Сергеевич Балғынбаевпен кездесу өткізілді. Бұл кездесуде сыбайлас жемқорлықты алдын алу және онымен күрес жолдарының қыр сырын жетік түсіндіріп, бұл індетке қарсы тұру үшін жоғарғы билікте заңға өзгерістер орнатып, алдағы уақытта жазаның қатаң болатындығын айтып ескертті.