Әкесінің ізін куған жас қызметкер

Әкесінің ізін куған жас қызметкер

Қазақстан Полициясы күні мерекесіне орай және мекемедегі жас қызметкерлердің патриотизм рухын көтеру мақсатында ағымдағы жылдың 23 маусымында  2000 жылы ЛА-155/6 мекемесінде өзінің қызметтік міндетін атқару барысында қайтыс болған әріптесіміз ішкі қызмет лейтенанты А.Қ.Сабырбековтың отбасын мекеме қызметкерлері құттықтап барды. 

Құттықтаудың мақсаты – қаза тапқан батыр отбасының әлеуметтік жағдайын білу және осы мекеме атынан ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлегі ұлы Ұланның алғашқы арнайы атағын алуымен құттықтау болды. Қызметтің қиындығына, қауіптілігіне қарамастан, батыр әкесінің ізін қуғанын қолдаған Ұланның анасы Светлана Сагымбаеваның қуанышты жүзіне қызметкерлер куә болды. Оны мерекемен құтықтап, гүл шоқтарын сыйлап, естелік суреттерге түсті.