Қазақстан полиция күніне 30 жыл толды

Қазақстан полиция күніне 30 жыл толды

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын.
Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.
Ал 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті. Осы мерекелеуге орай 2022 жылдың 23 маусымда Алматы қаласы ЛА-155/13 мекемесінде жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Мекеме басшысы әділет подполковнигі Е.Д.Жекенов қызметкерлерді құттықтап, еңбекте адал қызмет атқарғаны үшін грамотамен марапаттады.