Алматы қаласы бойынша Департаменті Әуезов аудандық пробация қызметінде жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру ҚР ҚАК 163 бабына сәйкес 12 сотталған әйел адам есебінде тұр. 14 маусым 2022 жылы Әуезов аудандық пробация қызметі инспекторы әділет аға лейтенанты М.Д.Сарсембаевпен Алматы қ. Әуезов аудандық әкімшілігінің қорғаншылық және қамқоршылық органының маманы С.Б.Нурбековамен, Әуезов аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды инспекторы полиция капитаны Н.О.Чайбековамен бірлесе жазаны орындауды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған әйелдердің баланы тәрбиелеу жағдайы мен тұрғын үй-тұрмыстық шарттары тексерілді.