
Алматы қаласы ҚАЖК ЛА-155/13 мекемесіде 2022 жылдың 03 маусым айында мекеме сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен қиын жағдайда ұсталатын сотталғандардың арасында Алматы қалалық "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес" орталығының қызметкерлері дәрігер-эпидемиолог А.Перваева, дәрігер-инфекционист А.Казанцева, психолог Л.Музгаева қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың тақырыбы: "Алматы қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. АИВ-инфекциясы және таралу жолдары. Антиретровирустық терапия. Экспозициядан кейінгі профилактика. АИТВ-мен өмірге психоәлеуметтік бейімделу". Семинар барысында сонымен қатар нашақорлыққа бейім және одан қалай айығу жолдары туралы сұрақтар талқыланды. Сотталғандардың семинардан алған әсерлерін, ойға түйген ойларын, болашаққа деген қадамдарын аңдап ойланып басуға уәделерін берді. Алдағы уақытта тәртіп бұзбауға бір ауыздан сенім білдірді.