«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні»

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні»

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» қабылданған күніне биыл 30 жыл толды. Осыған сәйкес жыл сайын 4 маусым  Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекетік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінгі болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Осы орайда 2022 жылдың 2 маусымында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару департаменті жеке құрамын Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шарға  сапқа тұрғызылып, кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі А.А.Жанамановамен баяндама жасалды. Баяндамада біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін қадірлеуіміз және қастерлеуіміз керек. Елін жерін сую мен отанға деген адалдықтың бір белгісі-мемлекеттік рәміздерді қадір тұту керек және оны қастерлеп биік ұстау әр бір азаматтың борышы екендігі ұғындырылды.