
1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында ағымдағы жылдың 31 мамырында Алматы «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының Жастар жылына арналған "Жас Динамо марафоны" спорттық мерекесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті атынан қызметкерлердің 10-14 жас аралығындағы ұл-қыздары қатысты, спорттық іс-шарада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшылары, яғни Дмитрий Игоревич Баландин - Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы, Зүлфия Салахарқызы Чиншанло қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, Нұрислам Санаев - еркін күресші және тағыда басқа спорт шеберлері жас ұрпаққа және өткізілетін іс-шараға қатысқан ұл-қыздарға сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады. Іс-шарада "Кім жылдам" эстафетасы, АКМ бөлшектеу және құрастыру, дартс бойынша жарыстар (магниттерде), 60 м-ге жүгіру, 100 метрге жүгіру сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Өзін жүйрік көрсетіп, жүлделі орынға ие болған жас спортшыларға сый-сыйапаттар табысталды. Алматы қаласы бойынша ҚАЖД кадр саясаты тобы.