Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

2022 жылдың 31 мамырында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Күзет бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы Жаңалық ауылында орналасқан Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда болып қайтты.
Мұражайда қуғын-сүргін жылдары мен жазықсыз құрбан азаматтар, Алаш қайраткерлері, қыршын кеткен боздақтар жайлы деректер, экспонаттар мен ғылыми еңбектер жинақталған. Алматы облысы бойынша тұтқынға алынғандардың, соның ішінде қуғын-сүргінге ұшырап, кейіннен ақталғандар ісінің көшірмелері қойылған.