Жеке құрамның төтенше жағдайдағы іс-әрекетін жетілдіру мақсатында, «Мекеменің жеке құрамының өрт шығу кезіндегі іс-әрекеті».

Жеке құрамның төтенше жағдайдағы іс-әрекетін жетілдіру мақсатында, «Мекеменің жеке құрамының өрт шығу кезіндегі іс-әрекеті».

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЛА-155/6 мекемесінде тактикалық оқу жаттығу өткізілді.
Жеке құрамның төтенше жағдайдағы іс-әрекетін жетілдіру мақсатында, «Мекеменің жеке құрамының өрт шығу кезіндегі іс-әрекеті».
Тактикалық оқу-жаттығу кезінде, мекеменің тұрғын аумағындағы мектептің екінші қабатында өрт шығуы орын алды.
Яғни, тұрғын аумақтағы өрттің шығуын алғаш байқаған бақылаушы мекеме бастығының кезекші көмекшісіне дереу хабарлады. Бұдан әрі, МБКК әділет капитаны А.Сейсембеков мекеме басшылығына баяндап, тиісті шаралар қабылдады және әділет майоры Н.Бейсенкулов пен әділет капитаны К.Ахмедовтың басқаруымен барлық жеке құрам қызметкерлері тартылып, қолда бар күш құралдарын пайдалана отырып, өртті өшіру шараларын ұйымдастырды. Мекеме жеке құрамының күшімен барлық сотталғандар төтенше жағдайдағы қауіпсіздік орнына шығарылып, сотталғандар мекеме қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы қаласы Жетісу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен барлығы 1 (бір) су шашқыш арнайы автокөлігімен 6 қызметкер дер кезінде, яғни 11 сағат 10 минут шамасында келіп, өрттің шарықтап кетпеуін, оларды толықтай жою бойынша тиісті шара қабылдады. Төтенше жағдай қызметкерлерінің күшімен өрт шығу орнында қауіпті жағдайда қалып қойған 1-сотталған шығарылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, денсаулығы қалыпты жағдайда екендігіне көз жеткізу үшін мекеменің медицина бөлімі жұмылдырылды.