Теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үздік инспекторын конкурсы өткізілді.

Теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үздік инспекторын конкурсы өткізілді.

Жақында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үздік инспекторын анықтау мақсатында конкурс өткізілді.
Конкурстың мақсаты – теолог мамандарының жұмыс істеу әдістерін жетілдіру және тәжірибе алмасу арқылы сотталғандарды теологиялық оңалту сапасын арттыру, сонымен қатар кәсібилік өзегін нығайту.
Тарихы тереңде болғанымен зерттелуі бертінде басталған дін теологиясын меңгеру бүгінгі мамандардан біліктілікті талап етеді. Сондықтан теолог мамандардың кәсіби біліктілігін және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тарапынан конкурс өткізу дәстүрге айналған.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде өткен конкурста Сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Ержан Раушанбекұлы Маждинов бірінші орынды жеңіп алды.
Үздік теолог енді Қостанай қаласында өтетін республикалық конкурста бақ сынайтын болады.