Үздік психологиялық газет

Үздік психологиялық газет

Алматы қаласы ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесінде ұсталатын сотталғандардың арасында 2022 жылдың 26 мамыр айында мекеменің тәрбие бөлімінің жасақ бастықтары және психологпен бірлесе отырып, тәрбиелік мәні бар, психология тұрғысында оны танып біліп қана қоймай дәріптеп ұғатын "Ең үздік психологиялық газет" байқау өткізілді. Бұл байқауды өткізуде басты мәселе сотталғандар өз қолдарымен газетті салып, оны байқауда қорғау және түсіндіру болып табылады. Байқауға 1 орынды иеленген сотталған Оспанов Н., оның салынған газетінің аты "Психологиялық стресс және оны жеңу жолдары". 2 орынды сотталған Наметов К. иемденді "Психологияның миға беретін пайдасы" газетімен. Ал 3 орын Кобландиев А. "Жібер" газетімен қатысып осындай орындарға ие болды. Байқаудың соңында сотталғандар алған әсерлерімен бөлісіп алдағы уақытта тағы қатысатындықтарын айтып өтті.