ЛА 155/18 қызметкерлері қалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

ЛА 155/18 қызметкерлері қалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

2022 жылы 18 мамырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет полковнигі М.Какимжанов, КСБ аға инспекторы әділет аға лейтенанты М. Дүйсембаев, қалалық Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Үгіт-насихат жұмысы барысында барлық жиналғандарға осы жұмыстың шарттары және Қызметке кіру туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында өз өмірін ІІО қызметімен байланыстырғысы келетін бірқатар жастар ақпаратқа қызығушылық танытты. Сондай-ақ, осы іс-шараны ұйымдастырушылар біздің жастарды жұмысқа орналастыруға көмектескені және көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде ЛА-155/18 мекемесі өзінің тату ұжымына мансаптық өсуге ұмтылатын қайырымды және ізгі ниетті адамдарды шақырады.