
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА–155/6 мекемесіндегі кәмелетке толмаған жазасын өтеушілер арасында «Ең үздік психологиялық газет» байқау-конкурсы өткізілді.
Психологиялық ойлауды дамыту, сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық білімді насихаттау, оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, теріс мінез-құлық пен төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің психология ғылымдарының докторы Алма Ақажанова және аға оқытушы Айнұр Дүйсенбаева, AZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорынан Мәди Нұржау әділқазық етті.
Психологиялық газет байқау-конкурсына сотталғандардың екі жасағы қатысып, Секен Бақдаулет бастаған топ шығарған «Танымал ақпарат» және «Пайдалы ақпарат» газеттері 1-орынға ие болса, Дамир Қайырбекұлының тобының «Өз-өзіне психолог», «Психологиялық қалжың» газеті 2 орынға көтерілді.
Конкурс барысында сотталған балалар психология туралы көптеген қызықты да танымды ақпарат алды. Жеңімпаз балалар арнайы грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар олардың қабырға газеттері Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде өтетін жарысқа қатысатын болады.