Кәмелетке толмағандарға арналған колонияда Қазақстан Халқының Бірлігі күні атап өтілді

Кәмелетке толмағандарға арналған колонияда Қазақстан Халқының Бірлігі күні атап өтілді
Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА 155/6 мекемесінде кәмлетке толмаған сотталғандар арасында 1-мамыр «Қазақстан халықтарының ассамблеясына» күніне арналған спорттық іс шара өтті.
​Басты мақсат жасөспірімдерге көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
​Спорттық жарысқа 2-жасақ сотталғандар белсенді қатысты. Жеңімпаз командаларға шағын сыйлықтар, мақтау қағаздар берілді.​Сонымен қатар спорттық іс-шара шахмат, үстелдік тенис және шағын футболдан өтті.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыру туралы видео ролик көрсетілді.