Алматы қаласындағы тергеу изоляторларында Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай іс-шара өткізілді

Алматы қаласындағы тергеу изоляторларында Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай іс-шара өткізілді
1-Мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарсаңында, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінің шаруашылық қызмет көрсету жасағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Қазақстан Республикасын мекен еткен жүзден аса ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату – тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат – мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт – дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Мерекелік іс-шара, сотталғандардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты, шаруашылық жасағының сотталғандары өздерінің өнерлерін сақынада көрсетті.
Мерекелік іс-шара, Е.Хасанғалиевтің сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен бастау алды. Сонымер қатар, қазақ халқының қарапайымдылығын, қонақжайлығын, бауырмалдығын дәріптейтін қойлым ұсынылды. Яғни, қазақ халқы Ата-Бабамыздан қалыптасқан қонақжайлықты көрсетіп, орыс халқының өкілдерін қарсалу рәсімі көрініс тапты. Екінші көріністе, орыс халқының өкілдері ризашылығын білдіріп, қазақ халқына өздерінің ұлттық тағамдарын таныстыру рәсімін ұсынды.Үшінші көріністе, қонаққа келіп отырған татар халқының өкіліне қазақ елінің салт – дәстүрін және терең тарихын таныстыру рәсімі өтті.
Мерекелік іс-шара «Здравствуй Столица» әнімен аяқталды. Қатысушылар мен көрермендердің көңіл-күйі, өткен мерекелік іс-шарадан көтеріңкі болды.