ҚР Ұлттық кітапханасының 90 жылдығы
2022 ж.22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған "KITAP SHOY -2022" ауқымды мерекелік іс-шара өтті.
ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігімен ұйымдастырылған іс-шараларға Алматы қ. бойынша ҚАЖД жеке құрамымен қатысу тұрғысынан ынтымақтастық бойынша жоспарына сәйкес, аталмыш кітапхананың мерейтой іс-шарасына қатысты.Департаменттің кадр саясаты жұмысына жауапты бас маман әділет подполковнигі А.А.Жанаманова мен мемлекеттік тілді дамыту жұмысымен айналысатын қосалқы қызметкер З.К.Кокеновамен бірге департамент пен әр мекеменің жүктелген қызметкерлері: жас мамандар қызықты кітаптар көрмесіне барып, мәдениет саласының танымал қайраткерлері Бағлан Абдреимовпен, бизнесмен Жанас Әділбаевпен, еркін күрес және самбо күресінен әлем чемпионы Сырым Бектұрсынмен, Әлем және Азия чемпионы Акбар Жармағамбетовпен, қоғам қайраткерлерімен, жазушылармен кездесіп, бірге Балаларды қолдау жылына арналған "KITAP SHOY -2022" балалар арасындағы фестивальді өткізуге мұрындық болғаны үшін арнайы шақырылыпты. Ұлттық кітапхана директоры Б.Оспанова қадірлі қонақтарға сый-құрметпен марапаттады және жиналған жастар мен мемлекеттік қызметшілер арасында белгілі қонақтар қазіргі таңда кітап оқу мәселесіне қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қатысқан қызметкерлер қонақтар мен әртістердің әңгімелерін тыңдап, өнерін тамашалады. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жас ұрпақты да, мемлекеттік қызметшілерді де мәртебелі кітап оқу мәдениетіне баулу, кітаптарға деген қызығушылықты ояту болды.