Жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған балаларға арналған" Оқырмандар клубы".

Жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған балаларға арналған" Оқырмандар клубы".

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде, жуырда «Халықаралық Қауымдастық әлеуметтік жобасының» өкілдері Қасымжанова Масаты Шамшатқызы және Хон Любовь Сергеевна кәмелет жасқа толмаған жазасын өтеушілерге «Оқырмандар клубы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Хон Любовь Сергеевна Владимир Короленконың «Огоньки» шығармасынан шағын үзінді алып, соны балаларға түсіндіріп тренинг ойын арқылы өткізді. Тренингтің соңында оқыған шығарманы қатысушылар талқылап, әркім өз ойын жеткізді.
«Оқырмандар клубы» мақсаты: Барлық оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, олардың сөздік қорларын дамыту. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
«Халықаралық Қауымдастық әлеуметтік жобасының» қоғамдық қоры мекемедегі кітапхана қорына 38-кітап сыйлыққа берген. Ол кітаптар әдеби жанрда, орыс және қазақ тілінде болатын.