
Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп "Спутник" сауда орталығында 04.04.2022 жылы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізілді, онда жеке кәсіпкерлермен жұмысқа орналасу мәселелері бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған тұлғалар қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесіне "Gippo" ЖШС, "Magnum" ЖШС, "Евразиялық банк" АҚ, "Запчасть трей" ЖШС, "Маслодел" ЖШС және т.б. жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.
150-ден астам ізденуші бос жұмыс орындарына қызығушылық танытты, олардың арасында Алматы қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған тұлғалар да болды. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан ұйымдар 70-тен астам жұмыс іздеушіні әңгімелесуге шақырды.