
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-де М. Әуезовке арналған дөңгелек үстел өткізілді
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД және оған қарасты ЛА-155\6 және ЛА-155\18 мекемелерінің жеке құрамы Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және «М.Әуезовтің мұражай үйі» Ғылыми-мәдени орталығының жазушының 125 жылдығына орай ұйымдастырған «М. Әуезовтің шығармашылығы: заманауи дискурсивті зерттеулер, жаңа аудармалар" атты дөңгелек үстелге белсенді қатысты. Дөңгелек үстел ZOOM платформасында өткізілді.
Дөңгелек үстелді Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева жүргізіп отырды. Онлайн форматта өткен іс-шараға М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары мен жазушы Мекемтас Мырзахметов және бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты С. Ананьева, «М. Әуезовтің мұражай үйі» Ғылыми-мәдени орталығынан А. Қалиева, Ресей мұражайларымен ынтымақтастықтың бастамашысы М. Асылбековалар сөйлеп, жазушының шығармашылығына қатысты пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға әсіресе 95 жастағы қарт жазушы, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын зерттеуші Мекемтас Мырзахметовтың ұлы жазушының туындыларына қатысты әңгімесі ұмтылмас әсер қалдырды.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың шығармашылығына арналған бас қосу ҚАЖ департаменті мен оған қарасты мекемелердің жеке құрамының мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырған іс-шара болды.