Жуырда ЛА-155/6 мекемесінің Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие беру жұмысын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Ернар Сабитов пен байланыс және ақпарат қауіпсіздігі бөлімінің қызметкері әділет лейтенанты Әділет Сайдыбақас Алматы қаласындағы «Алматы технология және Флористика» колледжіндегі «Саналы ұрпақ» студенттер клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Дөңгелек үстел сипатында өткен кездесуде олар «Заң және біз» деген тақырыпты талқылады.
Жастардың құқықтық жағынан сауатты болуы бүгінгі күннің талабы. Кездесу барысында ЛА-155/6 мекемесінің қызметкерлері балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдердің көбісі заң талаптарын жете түсінбегендіктен қылмысқа ұрынып, сотты болып жүргендерін жеткізді. Ал заң талаптарын білмеу ешкімді қылмыстық жауапкершіліктен құтқармайды.
Кездесудің мақсаты – колледж студенттері арасында құқықтық жауапкершіліктің маңыздылығын насихаттау және жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа баулу. Жастар заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білулері де керек.