"Қазіргі қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдар"тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Қазіргі қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдар"тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, РhD докторы Алмасбек Дүйсенбекұлы Шағырбай Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары талқыланды.
Мекеме қызметкерлерінің деструктивті діни ағымдарға қарсы сауаттылықтарын арттыру мақсатында өткізілген кездесу кезінде Алмасбек Дүйсенбекұлы Шағырбай жеке құрамның қойған сұрақтарына жауап беріп, талқыланған мәселеге қатысты түсірілген слайд көрсетті.