
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/6 мекемесінде 30 наурызда «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі Аяулым Бақытова мен жоба ұйымдастырушысы Мәди Нұржау сотталған балалар арасында сурет салудан конкурс ұйымдастырды.
Конкурста жазасын өтеушілер салған суреттердің тақырыбы Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызға арналды.
Суретшілердің өнерін бағалаған әділқазылар алқасы 1 орынды жазасын өтеуші Б.Шілдебайдың «Наурыз көже» деген тақырыптағы суретіне берді.
2-орынға С.Орынбасардың «Жайлау», 3-орынға А.Жолдыбаевтың «Бәйшешек гүлдер» атты шығармашылық туындысы лайықты деп табылды.
Қоғамдық қор жетекшілері жеңімпаз жасөспірімдерді мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ ЛА-155/6 мекемесінің СӘПТЖБ бастығы әділет капитаны Кулжанова Шынар Ерғазиевна «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының өкілдеріне алғыс айтып, алдағы уақытта да бұл мереке жалғасын табатынын атап өтті.
Шығармашылық конкурстың соңында жиналғандар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттерінің концертін тамашалады.