"Пробация" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

"Пробация" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

14.03.2022 жылдан 24.03.2022 жылға дейінгі кезеңде "Пробация" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, бұл іс-шараның мақсаты қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Іс-шараны өткізу шеңберінде Алматы қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі бөлімінің жеке құрамымен сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізілді.
Тексеру барысында жазаны өтеу ережелерінің 3 бұзылуы анықталды, атап айтқанда түнгі уақытта тексеру кезінде екі сотталған адам тұрғылықты жері бойынша болмаған, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамға қатысты хаттама толтырылып, сотталғанның нақты тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуі болмауына байланысты айыппұл салынды . Бұзушылыққа жол берген сотталғандарға жазалау шарасын ауыстыру туралы жазбаша ескертулер шығарылды.
"Пробация" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде екі және одан да көп бұзушылыққа жол берген сотталған Алматы қаласы Әуезов ауданының сотына бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыруға 2 іс- құжат жіберілді.