
Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде сотталғандар арасында Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасымен бекітілген «Алматы қаласы бойынша 2022 жылға арналған ҚАЖ мекемелерінде ұсталынатын азаматтармен жеке профилактикалық шараларын өткізу» кестесіне сәйкес,мекемеге Алматы қаласының Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Нуржан Смагуловтың қатысуымен және мекеме теолог инспекторымен бірлесіп, « Жасөспірімдердің өзіне деген сенімділікті арттыру және патриоттық сезімді ояту» деген тақырыпта дәріс жүргізіліп, сотталғандар арасында пікір талас жүзінде сұхбат жүргізілді. Мақсаты : жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің діни сауатын арттырып, теріс ағымдардан сақтандыруға бағытталған.