
Алматы қаласы ҚАЖД ЛА-155/6 мекемесінде жазаларын өтейтін жасөспірімдердің денсаулығын тексеру мақсатында белгіленген мерзімде профилактикалық тексеру ұйымдастырудың маңызы зор.
Жуырда аталған мекемеде ұсталатын жасөспірімдер толықтай профилактикалық тексеруден өткізілді. Дәрігерлік тексеруге Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №5 емхананың медициналық қызметкерлері қатысып, балаларды көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, невропотолог, уролог, кардиолог, психиатор, стоматолог және терапевт мамандары тексерді.