
«Әзіл-қалжың және байыпты» карикатуралық байқау жарысы өтті.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/6 мекемесінде , әзіл күніне арналған «Әзіл- қалжың және байыпты» - атты карикатура байқауы өткізілді. Осы жобаны іске асыру мақсатында жасақ бастықтарымен өтінім беріліп, қатысушылар тізімі бекітілді.
Байқауды қорытындылайтын әділқазылар құрамына: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Психологиялық ғылымдар докторы Алма Тауырбековна Акажанова және Ардагерлер кеңесінің мүшесі Омаржан Якубович Тохтиев және Урунбу Токтагуловна Жанабекова әділдік етті. Қатысушылардың ұсынылған сызба шығармалары мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Жобаға он жазасын өтеуші жасөспірмдер қатысты: Атап айтсақ «Қоянның қасқырға күлуі», «Қасқыр мен түлкі» «Жаңа жылдан кейінгі Аяз ата», «Екі бауырсақ»,«Тісі жоқ қыз» «Кештен кейін» «Аяғы қисық қыз», «Ботекс жасаған қыз», «Доллар ұшып барады», «Карантиндегі ковид» т.б. тақырыптарда қызықты салынған суреттерін әділқазыларға ұсынып қорғады.
Әділқазылар барлық қатысушыларға жоғары баға берді, бірінші орынға сотталған Шариев Т. иеленді, екінші орынға сотталған Шарипханұлы Ә. иеленді, үшінші орынға сотталған Пазылханұлы Д. иеленді. СӘПТЖБ бастығы әділет капитаны Кулжанова Шынар Ерғазиева келген әділқазыларға алғыс айтып, жеңімпаз жазасын өтеушілерге ережеге сәйкес марапаттау шаралары қолданылатынын атап өтті.