
Алматы қаласы ЛА-155/13 мекемесі 2022 жылдың 20 наурыз айында сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие бөлімінің жасақ бастықтары және аға инспектор психолог мекемедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арасында "Әзіл-қалжың және байыпты" байкауын өткізді. Сотталғандардың өз қолдарымен салған сызбалары әдет-ғұрыптарға, адам бойындағы кемшіліктер, спорт, дәстүрді юмор (қалжың) түрде бейнелеседе олардың түпкі мазмұнындарын байыппен түсіндіріп таныстырды. Сотталғандардың жасаған жұмыстарын саралап баға беретін Алматы қаласының Қазақ жастары ұйымынан келген А.Оралқызыда ат -салысып өз тілегін білдірді.