
Наурыз қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатса да, Кеңес үкіметі бұл мерекені "діни мейрам" деп танып, 1926 жылы ресми түрде тойлауға үзілді-кесілді тыйым салды. Көктемнің шуақты мейрамы салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ отбасыларында ғана жасырын түрде аталып өтті. Осылайша қазақ жерінде 62 жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды. Осыған орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА 155/13 мекемесінің сотталғандардың арасында Наурыз мерекесі уйымдастырылды. Мерекелік іс шарада мекеме бастығы әділет подполковнигі Е.Жекенов сотталғандарға жылы лебізін білдіріп оларды мерекелерімен құттықтап сыйлықтар табыстады!