Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінде Наурыз аталып өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінде Наурыз аталып өтті

2022 жылдың 18 наурызында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінде Ұлыстың Ұлы күні әз наурыз мерекесінің құрметіне мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік іс шараны департамент бастығы әділет полковнигі Дархан Тұрсұнұлы Қанатбеков жеке құрамды құттықтау сөзімен ашты. Д. Қанатбеков өз құттықтау сөзінде жеке қүрамды құттықтап еңбектеріне табыс тіледі. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының құқығымен қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген 37 қызметкер алғыс хаттармен марапатталды. Іс шараның соңы мерекелік қонцертпен ұласты.